Фермерлер топырақтағы көміртекті сақтау квоталарын сату арқылы табыс таба алады
Бұдан былай жер игеріп отырған шаруалар халықаралық инвесторлардың көмегімен табыс таба алады. Курортты Бурабайда жаһандық көміртегі нарығына шығу мәселелері талқыланған экологиялық форум өтіп жатыр. Жиыннан өңірдегі әріптесім Бибінұр Әмірханқызы байланысқа шықты. Бибінұр, форумда тағы қандай мәселелер талқыланды?
Бибінұр
Әмірханқызы, тілші:
Қайырлы күн, Қонысбек. Мұнда климаттық бастамаларды монетизациялау мүмкіндіктері талқылануда. Форумның астықты өңірде өтуі де тегін емес. Себебі аграрлы аймақ климаттық жобаларды іске қосу үшін өте қолайлы. Яғни бүгінгі таңда жаһандық қаржы нарықтары фермерлерге көміртекті сақтауға ықпал ететін технологияларды қолданғаны үшін қаржы бөлуге дайын. Ол үшін шаруалар жаңа технологияларды дұрыс қолданып, топыраққа ұқыпты қарауы тиіс дейді мамандар. Сөйтіп қосымша пассив табыс таба алады. Қазір менің жанымда «Ecojer» қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова тұр. Ләззат ханым, халықаралық көміртегі бірлігінің сауда жүйесіне ену үшін шаруаларға не қажет? Мемлекеттен қолдау бола ма?
Ләззат
Рамазанова, «Ecojer»
қауымдастығы Кеңесінің төрағасы:
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Рақмет. Форумда фермердің жердегі жинақталған көміртекті қалай өлшеп, оны ресми тауарға қалай айналдыруға болатыны талқыланып, түсіндірілді. Жаңа кадрларды даярлау мәселесі де сөз болды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03