«Infomatrix-Asia»: Халықаралық компьютерлік жобалардың үздіктері анықталды
Елордада өткен әлем оқушылары арасындағы жыл сайынғы «Infomatrix-Asia» халықаралық компьютерлік жобалар жарысының жеңімпаздары анықталды.
Биыл оған 10 мемлекеттен 250-ден астам команда қатысты. Барлығы 10 мен 18 жас
аралығында IT саласының үздіктері. Осымен 10 жыл қатарынан өтіп жатқан
жарыстың биылғы ерекшелігі – жобалардың басым бөлігі жасанды интеллект
технологияларын қолдануға негізделген. Жарыс 9 заманауи бағыт бойынша өтіп, жай
ғана идея емес, нақты жұмыс істейтін өнім мен техникалық шешімдер бағаланды.
Бастапқыда жарысқа қатысуға әлемнің түпкір-түпкірінен 3000-нан астам оқушы
өтінім білдіріп, олардың ішінен тек 600 финалист іріктеліп алынды. Ең
үздіктеріне еліміздің беделді жоғарғы оқу орындарының гранттары берілді.
Франко Фрединандо-Франсиско, 6-сынып оқушысы /Мозамбик/:
Біз технология мен дәстүр арасындағы тепе-теңдікті көрсететін қысқаметражды фильм түсірдік. Туындыға өзіміз кейіпкер ретінде қатыстық. Түсірілімге 5 күн кетті. Оңай болған жоқ, өйткені сабақ арасында түсірдік, оған қоса сөздерді жаттау қиын болды. Бірақ жоспарымыз сәтті жүзеге асты.
Ержан Әубәкіров, «Білім-Инновация» ХҚҚ бірінші
вице-президенті:
Аз уақыттың ішінде бала ЖИ қалай өнім шығара алады? Осындай дағдыны енгіздік. Мысалы, балалардан күтпеген жағдай шығып жатыр. Мен мынаны көре аламын, мектеп бітірген бала мұндай жобалардан ертең жұмыс тауып кете алады. Себебі өткен жылы 2 жоба коммерциялизацияға өтті. Бұл жолы да осындай жобалар шығып жатыр.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04