Жамбыл облыстық қазақ драма театры академиялық мәртебе алды
Таразда 90 жыл бұрын құрылған Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры академиялық мәртебе алды.
Өнер ордасы бес жыл бұрын қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, халық әртісі Асқар Тоқпановтың есімін арқалаған болатын. Тарихы тереңнен басталатын қарашаңырақ 1936 жылы «Әулиеата театры» болып құрылды. Сол жылдың наурыз айында өз шымылдығын Бейімбет Майлиннің «Келін мен шешей» атты комедиясымен ашқан. Бүгінде театр репертуарында еліміз бен шетел классиктерінің 40 шақты қойылымы бар. 120 адам қызмет етеді.
Нұрсипат Салықова, ҚР Мәдениет қайраткері:
Академиялық театр болды. Қазіргі театрда жүрген жастар жауапкершілікті бар жан-тәнімен түсінуі керек. Жауапкершілік қазір бұрынғыдан да күшейді. Біз өз сатымыздан өттік, ендігі жауапкершілік осы академиялық атағын алғаннан кейінгі жастардың мойнында.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41
Медицина қызметкерлерінің атынан алаяқтық қоңыраулар жиіледі
03.04.2026, 17:40