Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд долларға жетті
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд долларға жетті. Ал екіжақты сауда көлемі 11 пайызға артып отыр. Бұл жайлы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь бүгін арнайы брифингте мәлімдеді. Дипломат өткен жылдың қорытындысын жариялады. Былтыр екі ел білім, ғылым және технология, спорт пен туризм салаларында бірқатар келісімдерге қол қойған. Өзара визасыз режимнің енгізілуі оң әсерін тигізгенін де айтты. Деректерге сенсек, екіжақты сауда өсімі негізінен импорт есебінен болған. Жалпы, импорт көлемі 18,9 млрд долларды құрап, 23,6 пайызға артқан. Қазақстан Қытайдан дайын өнімдер мен өндірістік мақсаттағы тауарларды көбірек сатып ала бастаған. Ал Қытайға экспорт көлемі 2,1 пайызға ұлғайып, 15,2 млрд долларға жетіп отыр. Көрші елге көбіне жануарлар және өсімдік тектес өнімдер, сондай-ақ химиялық тауарлар сату артқан. Енді елші 2026 жыл өте маңызды кезең болады деп отыр.
Хань Чуньлин, Қазақстандағы Қытайдың Төтенше және Өкілетті елшісі:
2026 жыл Қытай үшін де, Қазақстан үшін де өте маңызды. Биыл Қытайда 15-ші бесжылдық жүзеге аса бастаса, Қазақстанда жаңа Конституция күшіне еніп, саяси реформалар жалғасын таппақ. Бізді қарқынды дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» стратегиясы аясында Қазақстан мемлекеттік даму мақсаттарына сенімді түрде ілгерілеп келеді. Си Цзиньпинь атап өткендей, Қытай мен Қазақстан өз дамуы мен жаңғыруының шешуші кезеңін бастан өткеріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы