Үкіметте дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті
Елімізде дәрі-дәрмек жеткізудің уақытылы жүзеге асырылуы қатаң бақылауда. Бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында ерекше назарға алынды. Мамандардың айтуынша, дәрілердің кеш жеткізілуі емдеу процесіне кері әсер етіп, науқастар үшін қауіп төндіреді. Осыған байланысты бұл жұмысты алдын ала жоспарлау маңызды. Соңғы жылдары дәрілік заттарды тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, бірқатар дамыған елдер үшін жедел тіркеу тәртібі енгізілді. Сондай-ақ дәрілердің қозғалысын толық бақылауға мүмкіндік беретін таңбалау жүйесі іске қосылып, баға қалыптастырудың жаңа тетігі енгізілді. Халықтың заманауи дәрілерге қолжетімділігін арттыру үшін тіркелген препараттар тізімін кеңейту мәселесі қаралды. Жиын қорытындысында Премьер-министрдің орынбасары Денсаулық сақтау министрлігіне дәрілердің ел нарығына қолжетімділігін арттыру бойынша шараларды пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы