Ерекше қажеттілігі бар балаларға велоспорттан грант бөлінді
Ерекше қажеттілігі бар балалар велоспорттан үш ай дайындыққа грант ұтып ала алады. Бағдарламаға қатысатындар үшін бүгін іріктеу өтті. Балалар 1 шақырым қашықтықта өзара жарысты. Конкурс қорытындысы бойынша 80-нен астам өтінімнің ішінен түрлі жас ерекшелігі бойынша 35 қатысушы таңдалады. Жоба демеушілердің қолдауымен жүзеге асып келеді. Үздік нәтиже көрсетіп, грант ұтып алған жеткіншектер аптасына үш рет жаттығуға қатысып, тәжірибиелі тәлімгерлерден спорттың қыр-сырын меңгереді.
Қайрат Хадылбек, жаттықтырушы:
Барлық бала 1 км жүріп етуі керек. Бізде 1 айналым 250 метр шығады. Сонда 4 айналым 1 шақырым болады.
Олжас Әбішев, қатысушының әкесі:
Өз баламды осы клубқа әкеліп, қазір екі жылдай дене шынықтыру жағынан дайындалып жатырмыз. 2028 жылы Лос-Анджелесте арнайы балаларға арналған жарыс болады. Біз қазір соған дайындалып жатырмыз. Жалпы, өмірде, мектепте олар өздерін ерекше сезінеді. Ал мына жерде басқа балалармен кездескенде, біз ерекше емеспіз, біз жай балалармыз деген сезім болады.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28