Қостанай облысында еріген қар суы ауыл ішіне кіріп, жолдарды басты
Қостанай облысында бірнеше елді мекенде қар суы еріп, жолдарды басып қалды. Сондай-ақ қала іргесіндегі Мичурино ауылына су кірді.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Мичурино ауылының тұрғындарының айтуынша, еріген қар суы кеше кешке бар жоғы жарты сағаттың ішінде ауыл ішіне кіріп, бірнеше көшені басып қалған. Оның ішінде даладан келген қар суы Астана және Восточный шағын аудандарына қарай ағып жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті әкімдік, полиция қызметкерлері оқиға орнына бірден жетті. Үйлерге су кірмес үшін тас жолдар жырылды. Қазір бірнеше арнайы техника су сорып жатыр. Мамандардың айтуынша, тұрғын үйлерге ешқандай қауіп жоқ. Сондай-ақ Денисов ауданы, Набережное ауылынан 4 шақырым жерде Аршалы мен Набережное ауылдарының арасындағы жергілікті маңызы бар автожолды су басты. Елді мекендерге қауіп жоқ, балама жол болғандықтан, көлік қатынасы бұзылмаған. Ал су басқан облыстық маңызы бар Арқалық-Торғай жолында қозғалыс шектелді. Жалпы облыс бойынша жағдай тұрақты толық бақылауда дейді мамандар.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28