Шешенстан және Дағыстан республикаларында сел болып, төтенше жағдай жарияланды
Ресейдің Шешенстан және Дағыстан республикаларында сел болып, төтенше жағдай жарияланды. Қатты жауын-шашын салдарынан бірқатар елді мекенді су басты, мыңдаған тұрғын жарықсыз қалған. Әсіресе, Дағыстанның Махачкала, Дербент қаласы мен Гудермес аудандарында өзендер арнасынан асып, жолдарды су шайып кетті. Ағаштар құлап, көліктер аударылып жатыр. Мамандардың мәліметінше, табиғи апатқа Оңтүстік Кавказ бен Түркиядан келген циклон және таудағы қардың еруі себеп болған. Аймақта бір тәулікте 50 миллиметрден астам жауын-шашын түсіп, ғасыр бұрынғы рекорд жаңарды. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген режимге көшіп, 5 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Сергей Меликов, Дағыстан республикасының басшысы:
Тұрғындарға көмек көрсетіледі. Шығын салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Ең алдымен бұл зардап шеккен аудандарға қатысты. Басқа да қалалар жоғары дайындық режиміне көшірілді. Үш жылдан бері су тасқынымен күреске, өзендердегі су тасқынын алдын алу үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға қаражат алуға тырысып жатырмыз. Гидротехникалық нысандарға да жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз керек.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28