Түркияда селден бір адам қайтыс болды
Түркияның бірнеше облысында нөсер жаңбыр соңы селге айналды. Кей жерлерде өзендер арнасын бұзып кетіп, қала көшелерін су басқан. Муғла провинциясында жолда жүріп бара жатқан бір жеңіл көлікті су ағызып әкеткен. Құтқарушылар көлік жүргізушісін аман-есен судан шығарып алғанымен, көліктегі екінші адамды құтқара алмады. Ал Анкара мен Ыстанбұл қаласында бірнеше күннен бері тоқтаусыз жауған жаңбырдан кей үйлерді су басып, тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Ауа райының қолайсыздығынан Ыстанбұлдағы Сабиха Гөкчен әуежайында 76 әуе рейсі кейінге шегерілді. Синоптиктер ел аумағы апта бойы жаңбырлы болатынын ескертті.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28