Түркістанда айыппұлға ашуланғандар бейнекамераларды қасақана сындырған
Түркістанда көшедегі бейнекамераларды қасақана сындырғандар ұсталды. Оқиға қала көшелерінің бірінде түнгі сағат бірлер шамасында болған. Бетін маска тағып жасырған екі жігіт ұзын ағашты пайдаланып, камераларды істен шығарған. Сөйтіп 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Қылмысты ашу үшін полицейлер жақын маңдағы бейнебақылау жүйелерінің жазбаларын мұқият зерделеп, күдікті деген екеудің қозғалыс бағытын анықтаған. Жедел-іздестіру шарасы арқылы қолға түсірген. Тергеу кезінде ұсталған екі күдікті жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлға ашуланып, осы әрекетке барғанын мойындады. Қазір оларға қатысты бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17