Decentrathion 5.0 хакатоны талантты жастарды анықтайды
Шымкентте салтанатты түрде ашылған «Дeсентрафан 5.0» хакатонына оралдық жастар да онлайн қосылды.
Ақпараттық технологиялар саласындағы талантты жастарды анықтайтын жарыс он күнге созылады. Бүкіл елді қамтитын интеллектуалды іс-шараға 5200 адам тіркелген. Ал облыс бойынша 50 жастан құралған 30 топ қатысып жатыр. Олардың жартысы BatysHub ғимаратында, қалғаны үйде тікелей трансляцияға қосылды. Қатысушылар берілген техникалық тапсырманы орындап, жарыс соңында өз өнімдерін ұсынуы керек. Хакатонның жалпы жүлде қоры – 22 млн 500 мың теңге. Соңында IT, AI және Blockchain бағыттары бойынша жеңімпаздар анықталады.
Әділхан Ерік, оқушы:
Мен бұл хакатонға екінші рет қатысып отырмын. Оның пайдасы: сен өзіңді дамытасың және дедлайнға үйренесің. Қазір жол апаттары көп болады ғой үлкен қалаларда көбінесе. Ал менің шешімім, сол жол апаттарын азайту. Он күн ішінде мен бір жақсы өнім жасауға тырысамын.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17