Түркістан облысында тасбақа мен кесірткелерді жаппай көшіріп жатыр
Түркістан облысының Отырар ауданында дала тасбақалары мен бауырымен жорғалаушыларды жаппай көшіріп жатыр.
Аудан аумағындағы игерілмеген жайылымдық жерлер шетелдік компанияға мақта егуге берілгендіктен, қазір көктемгі дала жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Осыны ескерген табиғат жанашылары қазір сол жерде тіршілік ететін тасбақа мен кесіртке, жыландарды басқа аумаққа көшіріп жатыр. «Тасбақа» табиғатты қорғау қоры мен «Сырдария-Түркістан» өңірлік паркінің мамандары және еріктілер жұмылдырылған. Оларға мақта компаниясы қолдау көрсетіп, 10 жұмысшысы мен 4 техникасын бөлген. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 3 мыңнан аса тасбақа мен 10 шақты кесіртке, 5 жылан қауіпсіз аймаққа жеткізілді. Десе де табиғат жанашырлары адам саны аз болғандықтан, көмекке жастар мен еріктілерді шақыруда. Себебі мамыр айында тасбақалар ұйқыға кетпей тұрып, оларды көшіріп үлгеру керектігін айтады.
Ғани Назарбек, «Сырдария-Түркістан» өңірлік паркінің аға ғылыми қызметкері:
Жаңадан игерілетін алқаптарда тасбақаларға зиян тиюі мүмкін. Ол жерде қоректік базалары кемиеді. Ауылшаруашылығы дақылдарына зияны тиеді. Сол себепті оларды көшіру міндетті. Биылға үлгергенімізше 10 мыңнан аса гектар алқапты тазаласақ деп отырмыз.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15