ТМД елдеріндегі ең ірі жел станциясы салынбақ
Павлодарда ТМД елдеріндегі ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды. Бұл Қазақстан мен Қытай мемлекеті бірігіп іске асыратын жоба. Құрылысқа шамамен 1,2 млрд АҚШ доллары салынбақ. Бір мыңнан астам адам жұмысқа тартылады. Инвестор алдағы 25 жыл бойы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қаржы бөліп отыруға міндеттеледі. Кәсіпорын 2029 жылы іске қосылады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Жалпы, бұл жобаның маңыздылығы өте зор. Себебі бұл жасыл энергия көзінің бірі, біздің облысымызда және мемлекетімізде дәл осындай ірі жоба іске асырылған жоқ.
Себебі бұл электр станциясының жылдық қуаттылығы 1 ГВт. Одан бөлек 300 МВт электр қуатын жинақтау жүйесімен жабдықталады. Жобаны іске асыруға «Самұрық-Энерго» компаниясы жауапты.
Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:
Жоба аясында экологиялық таза энергияны генерациялаумен қатар қуат көзін сақтайтын жүйе салу қарастырылған. Бұл энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан өте маңызды шешім. Электр станциясы жылына 3,6 млрд киловатт сағат қуат өндіреді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15