Ресейде энергетикалық дағдарыс күшейді
Ресейде энергетикалық дағдарыс ушықты. Елде бірқатар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы уақытша тоқтады. Экономистер өндіріс орындарының 30 пайызы жабылғанын мәлімдеді. Оған қоса логистика бұзылып, тіпті ел ішінде тасымалдау қымбаттаған. Кей өңірде жанармай құю станцияларында адам басына 10 литрден артық бензин сатылмайды. АИ-92, АИ-95 маркалы бензин желтоқсан айынан бері 4-5 пайызға қымбаттаған.
Аркадий Злочевский, сарапшы:
Өндіріс қуаты төмендегендіктен, бұл барлық салада қымбатшылыққа әкеледі. Рубль құлдырап, АҚШ валютасы да өсуде. Ел ішінде қажетті жанармай жетпей жатыр. Сондықтан егін егуде де шаруалар қиындықтарға тап болады. Биылғы дағдарыс баға саясатына кері әсер етеді.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03