Жаңа модульді робот
АҚШ университетіндегі ғалымдар ЖИ көмегімен жасалатын модульді роботты жобалады. Мамандар оны метамашина деп те атап жатыр. Ал Польша оқушыларға мектепте телефон пайдалануға тыйым салмақ. Әлемдегі техно-жаңалықтар жайлы Темірлан Нұржанұлы тарқатсын.
Бұл – жасанды интеллектінің көмегімен жасалған модульді робот. Оны Норсуэстэрн университетінің ғалымдары жобалап шыққан. Құлтемірдің басты ерекшелігі – бір бөлшегін жоғалтса да, іс-әрекетін тоқтатпайды. Ары қарай жүре береді. Бұл технология «метамашина» деп аталады. Оның көмегімен келешекте тез құралатын, жөндеуге оңай роботтарды жасауға жол ашылмақ, дейді мамандар.
Сэм Кригман, жоба авторы:
Қарапайым мысал келтірейін. Бұл роботты қақ бөлсеңіз, бір емес, екі робот шығады. Дәл сол нәрсені басқа техникаға жасап көріңізші, олар қалдыққа айналады. Міне, машиналардан құралған машиналардың басты артықшылығы да осында.
Жердің жылу картасын жасайтын жаңа технология
Ал Кембридж университетінен шыққан стартап — SuperSharp Space Systems. Мамандар жердің температурасын ғарыштан бақылауға мүмкіндік беретін инфрақызыл спутниктік камера технологиясын әзірлеп жатыр. Жоба аясында планетаның егжей-тегжейлі жылу карталарын жасау көзделіп отыр. Компания бұл шешім арқылы климат мониторингі, ауыл шаруашылығы, теңіз және қауіпсіздік секторлары дәлдігі жоғары термалды бейнелерді ұсынбақ.
Мектептерде телефонды шектеуі мүмкін
1 қыркүйектен бастап Польшада 16 жасқа толаған оқушылар мектеп ішінде ұялы телефонын қолдана алмай қалуы мүмкін. Елде тиісті шешім жоспарланып отыр. Бұл жайлы елдің білім министрі мәлімдеді. Аталған бастама қоғамда түрлі пікір тудырды.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28