Қазақстан мұралары ЮНЕСКО тізімінде
ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында адамзат үшін аса құнды құжаттық мұраларды сақтау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бастама – тарихи қолжазбалар, сирек кітаптар мен архивтік деректерді жоғалып кетуден қорғап, оларды келер ұрпаққа жеткізуді көздейді. Бағдарлама аясында Қазақстаннан бірқатар тарихи мұралар осы тізімге еніп, халықаралық деңгейде мойындалған. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауидің қолжазбалары мен оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани еңбектері. Сондай-ақ «Хандар шежіресі» атты тарихи жазба бар. Мамандардың айтуынша, бұл ұлттық мұраны сақтап қана қоймай, оны жаһандық деңгейде насихаттауға мүмкіндік беріп отыр.
Толқын Замзаева, ҚР Ұлттық кітапханасы ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі:
Бүкіл әлемнен зерттеушілер келіп жатыр. Кейбіреулер Америка, Канада, Түркиядан келеді. Бұл қолжазбалар Қазақстанда ғана сақтаулы. Сондықтан зерттеушілер Қазақтанға келіп отыр, соны зерттеу үшін. Оны болашақта шетелде насихаттау үшін.
Дмитрий
Воякин, Ұлттық бүкіләлемдік мұра комитетінің мүшесі, тарих ғылымдарының
кандидаты:
Біздің Ұлы Жібек жолымыз, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен «Тамғалы» петроглифтері бүкіл әлемдік тізімде бар. Алайда құжатта әлем бойынша 1 248, ал бізден 6-ы нысан ғана бар. Бұл еліміз үшін тым төмен көрсеткіш. Сондықтан Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи мұраларды танытуға бағытталған бұл бастамасы қолдау тапқанына қуаныштымын.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02