Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы қос ел арасындағы ынтымақты жан-жақты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызды рөліне жоғары баға берді. Ал елші Файсал Әл-Кахтани, Сауд Арабиясының Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті екенін жеткізді. Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін де талқылады. Елші Қазақстанның қолдауына ризашылық білдіріп, Түркістанда бітімгерлік келіссөздер өткізу бастамасын құптады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17