Жаңа салық кодексі әкімшілік рәсімдерді жеңілдетті
Жаңа салық кодексі енгізілгеннен кейін әкімшілік рәсімдер жеңілдеді. Бұл жөнінде Ақтөбеде кәсіпкерлермен кездесуде Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мәлімдеді. «Салық кодексінің тұжырымдамалық мәселелері және оның бизнесті дамытуға әсері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты. Салық кодексі экономикалық саясаттың негізгі құралының бірі. Сондықтан оны қолдану тәжірибесі мен бизнесті дамытуға тигізетін әсері әрқашан ескеріліп отыруы керек дейді жиналғандар. Сенаторлар жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі кәсіпорындардың жұмысымен де танысты.
Бекболат Орынбеков, Сенат депутаты:
Толық талдау жұмыстарын енгізіп, біз осыған нақты ұсыныс енгізуіміз қажет. Қай аймақта, қай белгілінген жобалар жүзеге асырылып жатыр? Себебі мемлекет тарапынан 2025 жылды қоспай тұрғанның өзінде 500 млрд-тан астам қаржы бөлінген. Неге? Ол сыртқы инфрақұрылымға, жол, жарық, тағы да басқа мәселелерге.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17