Ақмола облысында ірі ет кластері құрылады
Ақмола облысының Ерейментау ауданында жалпы инвестиция көлемі 15,5 млрд теңге болатын ірі агроөнеркәсіптік ет кластері жұмысын бастайды. Аудандағы 3 серіктестіктен құралған консорциум 4400 бас қалмақ тұқымды ірі қара мал әкелді. Қалмақ тұқымы тез салмақ қосып, жоғары өнім береді, дейді мамандар. Сондықтан 2031 жылға дейін ет бағытындағы мал басы 22 мыңға дейін көбейтілмек.
Гүлмира Исабаева, консорциум
өкілі:
Қалмақ тұқымды ірі қараны өсіруге бағытталған бұл жоба ауыл шаруашылығындағы кооперацияның жаңа сапалық деңгейін айқындайды. Фермерлер озық тәжірибемен танысып, кәсіби әлеуетін арттырады. Жоба аясында аналық мал басымен қатар, жем-шөппен қамту, ветеринарлық сүйемелдеу де қарастырылған.
Бұған қоса ауданда қой шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Торғай ауылында 10 мың басқа арналған
бордақылау алаңы жұмыс істейді. Қой еті Таяу Шығыс елдеріне экспортталып жатыр.
Аптасына екі тонна салқындатылған ет шетелге жөнелтіледі.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27