Ақтөбе облысының шалғай ауылында медпункт ашылды
Ақтөбе облысының Тоғыз елді мекенінде қайтарылған активтер есебінен медпункт пайдалануға берілді. Бұл нысанды ауыл тұрғындары 40 жыл бойы күткен еді. Енді басы ауырып, балтыры сыздаған жұрт алысқа бармай, дәрігерлік көмекті өз ауылдарынан алады. Құрылысқа 132 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Инженерлік желілерді тарту үшін облыстық бюджеттен 20 миллион теңге бөлінді. Жаңа нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған. Білікті мамандар ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуге дайын. Жалпы, соңғы үш жылда өңірде 29 медициналық мекеме қолданысқа берілді. Оның 11-і қайтарылған активтер есебінен салынған.
Мәдина Қалқаева, ауыл тұрғыны:
Кезінде бәріміз де медицина саласында істедік. Мынадай жақсы ғимаратта жұмыс істеген әрине, керемет! Халықтың атынан алғысым шексіз!
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17