Өскеменде UEFA талабына сай жабық футбол стадионы салынады
Өскеменде UEFA талабына сай жабық футбол стадионы
салынады. Қазір жобалық құжаты сараптамадан өтіп жатыр.
Өндірісті өңір үшін тағы бір жағымды жаңалық қаладағы автопарктер жаңартылуда.
Осы жолы алынған 12 автоубстың сегізі
гибрид. Бұл экологиялық ахуалы ауыр қала үшін
ерекше маңызды мәселе.
Былтырдан бері Өскемендегі қоғамдық көлік айтарлықтай жаңарып қалды. Өткен жылы
50, міне тағы 12 автобус алынды. Жақын күндері 10 электрлі автобус әкелмек.
Соңғы үлгідегі бұл қоғамдық көліктерде
жолауышлар үшін барлық жағдай жасалаған. Ал жүргізуші автобустың ішін алақандағыдай көріп отырады.
Гибридті
автобустартар дизель және электр қуатын қатар пайдаланады.
Нұрымбет
Сақтағанов, облыс әкімі:
Бүгінгі күні біздің қаладағы шығарындылардың 58 пайызы көліктерден шығатын түтіндер. Соған сәйкес бірінші кезекте біз осы қоғамдық көліктерді электромбильдерге айналдыру мәселесін бизнес пен қоғам өкілдерімен бірілесіп шешіп отырмыз.
Пушкин атындағы облыстық кітапхана да биыл толық жаңарды. 400 мыңға жуық кітап
қоры бар руханият ордасын жаңғыртуға облыстық бюджеттен 20 миллонға жуық теңге
бөлінді.
Назымгүл
Тілеубекова, А.Пушкин атындағы облыстық кітапхана директоры:
Жаңарылған акт залымызда жаңа форматта керемет шаралар өткіземіз деп үміттеніп отырмыз. Біздің оқырмандарымызға өте ұнап жатыр.
Өскеменде биыл UEFA талабына сай жаңа стадионнның құрылысы басталады. Қаладағы 1963
жылы салынған «Восток» стадионы да жөнделіп жатыр. Бұған
дейін спорт ғимаратының іші толық жаңартылды. Енді алаңдағы төсеніш
ауыстырлады. Одан соң «Алтай-Өскемен» футбол кульбы өз алаңында ойын өткізеді.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Азия чемпионатында Ертуған Зейнуллинов пен Төрехан Сабырхан келесі кезеңге өтті
03.04.2026, 13:34
Отандық және шетелдік студенеттер арасында MaxUP легатоны басталды
03.04.2026, 13:31
Шымкентте көшпелі эко-сенбілік өтті
03.04.2026, 13:29
Тұрғындар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда
03.04.2026, 13:26
«Бекіре-2026» акциясы басталды
03.04.2026, 13:24
Қарағанды облысында 500 шақырым жол жөнделмек
03.04.2026, 13:22
Алтын алқа ұрлығы ЖИ көмегімен ашылды
03.04.2026, 13:20
Геологиялық барлауға 3 жылда 500 млн доллар бөлінеді
03.04.2026, 13:18