Алматыда ғылым апталығы басталды
Алматыда жас ғалымдарды ынталандырып, олардың инновациялық жобаларын ілгерілету мақсатында «Ғылым апталығы» басталды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен шарада ғылыми жобалар мен білім көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар мен студенттердің тың әрі креативті 60-қа жуық жобасы көпшілік назарына ұсынылып, жас зерттеушілер ғылыми әлеуетін паш етті. «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі» деп аталған онкүндік аясында мазмұнды 150 шара өткізілмек. Биылғы ерекшелік – университет пен мектептер арасында ынтымақ туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім білім беру саласындағы серіктестікті нығайтып, оқушылардың жоғары оқу орындарымен ерте байланыс орнатуына мүмкіндік береді, дейді университет басшылығы. Ал мұндай апталықтар жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал етпек.
Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:
Қазіргі таңда мемлекетіміздің ғылымға жасап отырған қолдауы – бұрын-соңды болмаған қадам. Өскелең ұрпақты ғылымға баулу ісі жаңаша қойылып отыр. Бұл жерде көрсетіліп отырған жобалардың тақырыбы да, мазмұны да әртүрлі. Ең бастысы, барлығы да өзекті.
Айшабибі Қуаншыбекқызы, студент:
Біздің жобамыздың басты ерекшелігі – бірреттік сабындар, яғни алыс сапарларға шыққанда өте ыңғайлы. Жұқалығына қарамастан, бір рет қолды жууға толығымен жетеді. Осы жылдың бастап айналыстық. Химия факультетінің студенттеріміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы