Халықаралық геология форумы басталды
Астанада геология және барлау ісін ілгерілетуге арналған ауқымды форум басталды. Қазақ даласы қойнауы қазынаға толы құтты мекен екені мәлім. Енді осы Сәтбаев негізін қалаған салаға серпін керек. Сол үшін сарапшылар елордада бас қосты. Дәл осы жиыннан әріптесім Ернұр Медет тікелей эфирге қосылуға дайын. Ернұр форумның мән-маңызы жайлы айтып берсең.
Расында, дархан даламызда жер байлығы да, кен байлығы да жетіп артылады. Вольфрам, қорғасын, барий мен күміс, хромит, мұнай, мыс пен мырыш. Тізе берсең тізім жалғаса береді. Осы қазба қоры бойынша әлемде алғашқы ондықтан ойып тұрып орын алып отырмыз. Десе де қазір шектеулі ресурстың шегіне жетпесек те, азайып бара жатқаны айтылып жүр. Себебі барлау жұмыстары баяу. Осы олқылықтың орнын толтыруға арналған форумға Орталық Азия елдерімен қатар АҚШ, Қытай, Еуропа одағы, Түркия, Канада және Таяу Шығыс мемлекеттерінен академик-ғалымдар мен инвесторлар келіп отыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04