Қазақстан мен Перу сотталғандарды эктрадициялайды
Қазақстан шет елдермен құқықтық ынтымақты күшейтіп жатыр. Бүгін Сенат Перумен қылмыстық істер бойынша бірнеше келісімді ратификациялады. Бұл құжаттар қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсетуге бағытталған. Атап айтқанда, екі елдің құқық қорғау органдары ақпарат алмасады, бір-біріне қылмыскерлерді ұстап беруге көмектеседі және сотталған адамдарды өз еліне қайтару рәсімдерін жүзеге асырады. Алайда бұл үшін бірқатар шарт бар: қылмыскердің әрекеті екі елде де заңға қайшы деп танылуы керек, жаза мерзімі кемінде 6 ай болуы тиіс және екі тараптың келісімі қажет. Мұндай ымыра трансұлттық қылмыспен күресті күшейтуге және қылмыскерлердің жазадан жалтаруына жол бермеуге бағытталған.
Мәулен Әшімбаев, Сенат
төрағасы:
Қаралған шарттар Қазақстан мен Перу арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Шарттар екі елдің арасында өзара құқықтық көмек көрсетудің және сотталған адамдарды өзара экстрадициялаудың тәртібін реттейді. Сондай-ақ тараптар аумағында жүрген күдікті адамдарды ұстап берудің рәсімдерін айқындайды. Алдағы уақытта бұл заңдар екі елдің қылмысқа қарсы күрес жолындағы іс-шараларының тиімділігін арттырады деп сенеміз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04