Павлодарлық оқушы Google грантын иеленді
Павлодарлық 11-сынып оқушысы Google грантын иеленді. Игорь Мартынюк YC Startup School білім беру бағдарламасына толық грант иеленген Орталық Азиядағы алғашқы оқушы. Бұл бағдарламаны әлемдегі ең танымал стартап акселераторлардың бірі ұйымдастырған. Ал павлодарлық оқушы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші қосымша әзірлеген. Ал ол адамның цифрлық белсенділігі мен мүмкіндіктерін талдап, соған сәйкес тапсырмаларды жүйелеп береді. Нақтырақ айтқанда, артық ақпараттық жүктемені азайтып, мидың тек қана қолға алған жұмысты игеруіне жол ашады. Жоба бірден халықаралық қауымдастықтың назарын аударды. Игорь Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік мектепте оқиды.
Игорь Мартынюк, 11-сынып оқушысы:
Мен өте қуаныштымын! Дәл осы жетістікті бағындыруға ұзақ уақыт бойы еңбектендім. Осы TabAI стартапын дамытуды жалғастырамын. Болашақта оның контекстік мәтінін ары қарай жетілдіремін. Ол дегеніміз - жұмыс кезінде сіз 2-3 минут бұрын не істедіңіз, қазір және алдағы уақытта немен айналысасыз, соны анықтап береді. Осы деректер арқылы сіздің жұмыс күніңізді жоспарлауға көмектеседі.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27