Павлодар мен Қарағандыда «Таза бейсенбілік» өтті
«Таза бейсенбі» акциясы аясында Павлодардағы саябақтар мен қоғамдық орындар жаңарып қалды. «Аmаnаt» партиясы облыстық филиалының «Жастар қанаты» мүшелері еріктілермен бірлесіп гүлзарларды тазалап, қоршауларын әктеді, қыстан қалған қоқысты шығарды. Алдағы уақытта да жастар өзара топ-топқа бөлініп, тұрғындар демалатын орындар мен балалардың ойын алаңдарын ретке келтірмек.
Қабдол Абулғазиз, колледж
студенті:
Біз студенттер тек білім алумен шектелмей, елімізге, қоғамға пайдалы істерге белсене қатысуымыз керек. Бұл «Таза Қазақстан» акциясына жастарды, студенттерді белсене қатысуға шақырамын. Себебі біз біріксек, елімізді таза және көрікті, жайлы ете аламыз.
Ал Қарағанды қаласында табиғат жанашырлары
Әлихан Бөкейхан ауданының көшелерін ретке келтірді. Айналаны мұнтаздай етіп тазалаған еріктілер 50 қап
қоқыс шығарды. Мақсат қаланың санитарлық
жағдайын жақсартып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, дейді ұйымдастырушылар.
Қымбат Сүлейменова, «Amanat» партиясы
бастауыш партия ұйымының төрайымы:
Бүгін біз «Amanat» партиясының мүшелерімен және еріктілермен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбілікке» шықтық. Біздің мақсатымыз – қаламызды қоршаған ортамызды таза ұстау. Барлық қарағандылықты осы іс-шараға атсалысуға шақырамын.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15