«Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды
Көне дәуірден үн қатқан, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары қатарына енген Таңбалы петроглифтері ұлттық брендке айналуы тиіс. Бүгін Алматыда құнды жәдігерді насихаттауға бағытталған «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрме ашылды. Онда фототуындылар, петроглифтер негізінде жасалған арт-нысандар және жасанды интеллект қолданылған цифрлық жобалар таныстырылды. Шара «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы мен фотосуретші Владислав Кимнің бірлескен жобасы ретінде жүзеге асты. Іс-шараға Алматыдағы ЮНЕСКО өкілдері, шетелдік сарапшылар мен отандық ғалымдар қатысты.
Бибігүл Дәндіқарақызы, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры:
Көрме арқылы Таңбалының ерекшелігін, құндылығын, бірегейлігін көрсету. Таңбалыны ұлттық бренд ретінде қалыптастыру бағытында жұмыс істейміз деп ойлаймын.
Владислав Ким, фотосуретші:
Мұндай бірегей жоба елімізде алғаш рет іске асып отыр. Көрменің басты мақсаты – Таңбалы петроглифтерін жанды мәдени мұра ретінде кеңінен насихаттау, оларды заманауи өнер құралдары арқылы қолжетімді ету. Арт-нысандарда ежелгі бейнелер «ата-баба коды» ретінде көрініс тауып, біз мақтан ететін құнды жәдігерлер цифрлық технологиялар арқылы жаңаша қырынан ұсынылады.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03