Түркістанда «Жасыл аймақ» ағаш егу акциясы өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласында «Жасыл аймақ» деп аталатын ағаш егу акциясы өтті. Шараға аудан жастары, еріктілер, қоғам белсенділері қатысты. Жиналғандар Жастар аллеясының аумағында тазалық жүмыстарын жүргізіп, өңірді көгалдандыру мақсатында қылқанжапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл қарекет тұрғындар арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Ағаш егу акциясы туған жерді жасыл желекке айналдыруға мүмкіндік береді дейді аудан жастары.
Сымбат Сүлеймен, Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығының маманы:
Жалпы, бұл «Жасыл аймақ» дамыса, қаламыздың өкпесі де ашылады деген ойдамын. Бүгінгі шарада егілген әрбір тал болашақ ұрпағымызға аманат деп білемін.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28