Қоқыстан қалай табыс табуға болады?
Қазір қоқыс жинап-ақ, табыс табуға болады. Тек оны сұрыптап қойсаңыз жеткілікті. «EcoQolday» жүйесі арқылы арнайы мамандар үйіңізден алып кетеді. Кейін көлемі мен сапасына қарай қаржы төленеді. Қазір дәл осындай қызметпен 84 компания айналысады. Оларға «Жасыл даму» утилизациялық төлемдер есебінен 1,1 млрд теңге аударған.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Сонымен, қоқысты қалай ақшаға айналдыруға болады? Алдымен, картон, пластик, шыны мен қағазды сұрыптап үйрену қажет! Содан соң сатуға болады. Ол үшін EcoQolday мобильды қосымшасын жүктеп алыңыз. Жүйеге тіркеліп, сатылымға қойылған қалдықтың суретін жариялайсыз! Барлық шикізаттың белгіленген бағасы бар. Салмағы кемінде 10 келі болуы қажет және таза әрі құрғақ болуы тиіс. Кейін осы салада жұмыс істейтін компаниялар хабарласып, үйіңізден алып кетеді. Немесе жақын маңдағы қабылдау орнына апарсаңыз болады. Мамандар сөзінше, 250 пәтерлі тұрғын үйден қалдықты сату арқылы айына шамамен 465 мың теңге табыс табуға болады. Қазір осы жүйе еліміздің бірқатар өңірінде іске қосылған. Келешекте барлық аймақта жұмыс істейді.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17