Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат алуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір EPS жүйесін қосу үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл шетел азаматтарына кадр тапшылығы бар салаларда ресми түрде еңбек етуге мүмкіндік беретін жоба. Қазір мемлекетаралық келісу кезеңі аяқталып, EPS орталықтарын ашу жұмыстары басталды. Егер бұл жүйеге сәтті қосылсақ, Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтары қорғалып, әлеуметтік кепілдіктер беріледі, заңсыз миграциясы азаяды. Оңтүстік Кореядан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктерімен, Сауд Арабиясы, Жапония және бірқатар Еуропа елдерімен де осы бағытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал Катар елімен 2025 жылдан бастап ортақ меморандум бар.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28