Жылына 35 мың литр су үнемдеуге болады
Қара су қара алтынға айналатын күн алыс емес. Сондықтан тіршілік нәрін тұрмыста үнемдеп қолданған абзал. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осылай деді. Ол студенттермен кездесіп, арнайы дәріс оқыды. Су кодексіндегі жаңашылдықтар, солтүстік Аралды сақтау тақырыбына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, жастарға суды үнемдеудің қарапайым жолдарын түсіндірді. Айтуынша, министрлік әзірлеген әдістемені қолдану арқылы алты адамнан тұратын бір отбасы жылына 35 мың литрге дейін су үнемдей алады. Басқосу аясында студенттердің, оқытушылар мен жас ғалымдардың үздік зерттеу жұмыстары мен жобалары таныстырылды.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
Суды үнемдеу үшін арнайы жол картасын бекіттік. Негізгі үш бағытты қамтамасыз етеді. Біздің ойымыз бүгінгі күні үйден бастап, суды үнемдеуге елдің арасында мәденит қалыптастыру. Судың көлемі қысқарса да, экономика жұмыс істеуі керек.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28