Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында 500 шақырым жол жөнделмек

Қарағанды облысында 500 шақырым жол жөнделмек

Қарағанды облысында республикалық және облыстық маңызы бар 500 шақырым жол жөнделмек. Биыл құрылыс жұмыстары жылдағыдан ерте басталды. Себебі, қар еріп, жолдың ой-шұңқыры көбейген. Тұрғындардың да шағымы артты. Бір ай ішінде үлкен даңғылдардағы жұмыстарды аяқтап, кейін шеткі көшелерге көшу жоспарланған. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 276 шақырым болатын кепілдік мерзімі бар жол учаскелері тексеріліп жатыр. Ақаулар анықталған жағдайда мердігерлер өз есебінен қалпына келтіреді. Биыл қаланың Оңтүстік-Шығыс ауданы мен Майқұдықты қосатын 6 шақырым жолдың құрылысын да аяқтау жоспарланған. Ал жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін көшелерге мыңға жуық жол белгісі қойылып, 86 мың шаршы метр жолақ сызылады.

Ержан Көкішев, ТҮКШ жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы:

Бір айдың ішінде магистральдік жоладарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз. Сосын второстепенный көшелерге көшеміз. Жалпы бізде орташа жөндеу жоспарда 137 шақырым. Сонымен қатар қазір бізде кепілдікте тұрған жолдарда комиссиялық тексеріс өтіп жатыр.

Бөлісу