«Бекіре-2026» акциясы басталды
Атырау облысында «Бекіре» акциясы басталды. Балықтарды уылдырық шашу кезеңінде қорғау үшін ұйымдастырылған іс-шара 31 мамырға дейін жалғасады. Оған бассейнаралық балық шаруашылығы инспекциясы, полиция департаменті және шекара қызметінің мыңнан астам қызметкері, 100-ге жуық жүзу құралы мен 6 бейнебақылау аппараты жұмылдырылған. Өткен жылғы акция кезінде 1125 құқықбұзушылық анықталып, оның 33-і бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Соның арқасында 750 млн теңге мемлекет бюджетіне өндірілген.
Серік Сермағамбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы
Осы жұмыстарды күшейтілген түрде аяқтап қана қою емес, әрі қарай да жалғасатын болады. Жалпы биыл президент тапсырмасына сәйкес бекіре балық өсіру зауытын да қосымша жаңғыртудан өткізудеміз. Былтыр ол жұмыс басталды, биыл аяқтауды көздеп отырмыз
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17