Тұрғындар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында табиғатқа жанашырлық танытып, туған жердің тазалығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – ақтаулық сүңгуір Қанат Әбдиев. Ол Каспий теңізінде жылдар бойы жиналған тұрмыстық қалдықтарды тазартуды өзіне мақсат еткен. Тағы бір үлгілі азамат - Жұмабай Құсайынұлы болса өз ауласымен шектелмей, көше бойына тал егіп, айналасын жасыл желекке айналдыруға үлес қосып келеді.
Қанат Әбдиев теңіз түбін тазалауды 4-5 жыл бұрын бастағанымен, бұл ісін ұзақ уақыт жария етпеген. Алайда қоқыс көлемі күрт артқан соң, қоғам назарын аудару үшін әлеуметтік желіде бейнероликтер жариялай бастаған. Ол күн сайын суға сүңгіп, шыны, пластик бөтелкелер мен полиэтилен пакеттерді шығарады. Айтуынша, теңіз түбінде ірі көлемді қоқыстар да көп.
Қанат Әбдиев, Ақтау қаласының тұрғыны:
Бізде маңғыстаудың табиғаты бәрімізге белгілі жел болады, жел болған кезде, толқын тұрған кезде ол қоқыстың барлығын мүмкін ортасына қарай алып кетіп жатыр толқынмен. Ал біз оны дер кезінде тазалап тұрмасақ ол ертең үлкен апатқа әкеліп соғуы мүмкін. Құрттай да болса үлесімді қосайын. Табиғатқа жанашырлық көзқараста қараған ниетімді білдірейін деген мақсатта істеледі оның барлығы.
Ал, Мұнайлы ауданының тұрғыны Жұмабай Құсайынұлы өз ауласын ғана емес, көше бойын да жасыл желекке бөлеп, нағыз баққа айналдырған. Зейнеткер 100-ге жуық жеміс ағашын отырғызып, өнімін көршілермен бөліседі. Табиғат жанашырының бұл ісі - көпке үлгі болып отыр.
Жұмабай Құсайынұлы, Мұнайлы ауданының тұрғыны:
Әр адам өзінің тұрған жерін көгалдандыруға міндетті. Мен де осы бақта әр түрлі жеміс-жидектерін өсірдім. Экзотикалық өсімдіктердің небір түрлерін өсіріп жатырмын. Кейбіреулері европалық мысалға раушан гүлдерін егу-біздің өлкемізде өспейді деген өсімдіктерді өсіру мақсатында.
Аймақта
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына тұрғындар белсенді атсалысуда. Соның арқасында
биыл жыл басынан бері 2500 тонна қоқыс шығарылып, 800 ағаш егілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы