Аймаққа тартылған инвестицияның көлемі 838 млрд теңгеден асты
Бүгін Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты да қабылдады. Былтырғы жылдың қортындысы бойынша өңірде оң динамика бар. Мысалға, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асты. Кездесуде құрылыс жұмыстарының көлемі 460 миллиард теңгеден артқаны және 407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені баяндалды. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде тұрақтап, 29 мың адам еңбекпен қамтылды. Ауылдық аумақтарды дамыту және қоныстанушыларды қолдау бағдарламалары, соның ішінде «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Өңірде экономиканы әртараптандырудың жаңа стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Кездесу қорытындысы бойынша Президент өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту және экономиканы әртараптандыру бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15