Жол апатынан 616 адам жарақат алған
Бас қалада жол апаты жиілеп барады. Жыл басталғалы 500-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 616 адам жарақат алған. Полиция дерегінше, ережені елемеу, жылдамдықты арттыру жайсыз жайттарды көбейткен. Күніне жүргізушілерге мыңнан аса хаттама жазылады. Десе де, қауіптің беті қайтар емес. Оның үстіне, елордада көлік нөпірі көбейген. Қазір қалада 460 мыңға жуық темір тұлпар тіркеуде тұр. Бүгін Полиция департаменті апатқа түскен көлікті артып алып, қала көшелерін аралады. Мұндағы мақсат жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Сондай-ақ акция аясында жас жол инспекторлары жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратты.
Нұрлан Қапаров, ҚПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Бізге жылдамдықтан гөрі адам өмірі қымбат екенін ескерген жөн. Қауіптің алдын алу мақсатында қаладағы көшелерге цифрлық камералар орнатылған. Сондай-ақ патрульдік полиция күшейтілген режиімде жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір құқықбұзушылық анықталса, заң аясында тиісті шаралар іске асырылады.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28