Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
Оралда жаңадан салынып жатқан «Ақжайық» шағын ауданы мен қала орталығын байланыстыратын жол, көпір құрылысы басталады. Ауқымды жоба аясында құрылыс басына уақыт капсуласы салынды.
Жаңа көпір Шаған өзені арқылы өтеді. Ұзындығы – 4 шақырым, ені 14 метр. Өткел төрт жолақты болады. Сонымен қатар «Ақжайық» шағынауданы мен орталықты жалғайтын жол құрылысы да қарқын алды. Жоба құны - 35,8 млрд теңге. Құрылыс 2028 жылы аяқталмақ. Келешекте халық саны 150 мыңға көбеюі мүмкін. Зачаган кентінің тұрғындары қазір қала орталығына жалғыз көпір арқылы қатынайды. Жаңа көпір салынса, халық орталыққа қазіргідей 1 сағатта емес, 15 минутта жете алады. «Ақжайық» шағынауданына 70 көпқабатты тұрғын үй, 4 балабақша, 1500 орындық үш мектеп, жаңа аурухана, емхана, перинаталды орталық, 12 мың орындық стадион – барлығы 60 әлеуметтік нысан салынбақ. Құрылыс барысында кесілетін тал-терек орнына жаңа көшеттер егілмек.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
Шаған өзені арқылы мына көпірдің қажеттілігін ескеріп, осыны бүгін бастап отырмыз. Бұл - ең алғашқы жоба. Осы көпірді салып болғаннан кейін біз, әрине, «Ақжайық» шағын ауданына тікелей қала арқылы қатынау мүмкіндігі туады. Осының барлығы қала халқына қолайлы жағдай жасау үшін жасап жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы