Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
Ақтөбе облысындағы қиыршық тас өңдіретін зауыттар жаңа технологиямен жұмыс істей бастады. Соңғы үлгідегі құрылғы өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Отандық өндірушілер құрастырған кешен сағатына 175 тонна тасты ұнтақтап, електен өткізеді. Бұған дейінгі көрсеткіш 100 тонна ғана болған. Ең бастысы – жол құрылысына қажетті асфальт-бетон қоспасының сапасы артты. Зауыт мамандарының айтуынша, мұндай өніммен салынған жол ондаған жылға шыдас береді. Тек құрылыс нормалары сақталса, болғаны.
Рәбиға Қарақұлова, зауыт қызметкері:
Сапалы өнім шығарады. Әр түрлі қоспаларды шығарамыз,соған байланысты. Бүкіл материалдар бізде дайын.
Жаңа технологияның арқасында энергия да үнемделеді, экологиялық
қалдықтар да азаяды. Ақтөбедегі қиыршық тас өндіретін кәсіпорындар құрылыс
компанияларына осындай сапалы материал ұсынып отыр.
Есет Ұзақбаев, сапа инженері:
Жиналған мәліметтер ортақ базаға енгізіліп, жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Олар өз кезегінде бұл зауыттардан шығатын өнімдерді қайда және қалай қолдану қажеттігін шешеді. Қазір облыс аумағында отыз зауыт бар. Олар құрылыс маусымына дайын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы