Басты Жаңалықтар Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады

Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады

Араға 20 жыл салып, аты аңызға айналған «SuperStar KZ» жобасы қайта көрерменге ұсынылмақ. Жаңа форматтағы ән доданың кастингі ертең Шымкент қаласынан басталады. Алғаш рет 2003 жылы эфирге шығып, барша қазақстандықтарды экран алдына жинаған сәтті жоба, биыл да Ұлттық арна арқылы жаңа таланттар мен  жаңа есімдерді көпшілікке танытуға асық. Ендеше Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өнерпаз жандарды кастингте күтеміз.

Жасы 16 мен 25 аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Офлайн кастинг 4-26 сәуір аралығында  9 қалада өтеді. 4 сәуір – Шымкент, 6 сәуір – Ақтау, 8 сәуір – Ақтөбе, 10 сәуір – Семей, 12 сәуір – Павлодар, 15 сәуір – Қостанай, 17-18 сәуір күндері Астана қаласы, 20 сәуір – Қызылорда және 25-26 сәуір Алматы қаласында байқаудың алғашқы кезеңіне қатыса аласыз. Офлайн кастингке қатыса алмаған жағдайда, үміткерлер @superstarkz Telegram арнасы арқылы онлайн форматта өтініш бере алады.



Бөлісу