Әлем жаңалықтарына шолу
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әуе шабуылы 34-күнге ұласты. Өткен тәуліктегі соққыдан Тегеранды елдің батыс өңірлерімен байланыстыратын маңызды тас жолда көпір қирады. 8 адам қаза тауып, 95 тұрғын жараланған.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы соғысты аяқтау мерзімін атамауы әлем нарығын алаңдатып отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Brent маркалы мұнай бағасы 8 пайызға жуық қымбаттап, 109 доллардан асып кетті.
Ауғанстан мен Пәкістан Бейжіңнің арағайындығына қомешет білдіріп, бейбіт келіссөз жүргізуге келісті. Мұны Қытай сыртқы істер министрлігі мәлімдеп отыр. Айта кетсек, тараптар арасындағы қақтығыс былтыр қазанда басталып, екі жақтан да бірталай адам қаза тапты.
НАСА-ның «Артемида-2» миссиясымен ғарышқа ұшқан «Орион» капсуласы төрт астронавтпен бірге қозғалтқышты қосу бойынша негізгі маневрды сәтті орындады. Енді ғарышкерлер Жердің орбитасынан шығып, Айға бағыт алуы керек.
Жапония үкіметі ажырасқан жұптарға балаларды бірлесіп тәрбиелеуге рұқсат берді. Бұған жол ашу үшін XIX ғасырда қабылданған Азаматтық неке туралы кодекске өзгеріс енгізуге тура келген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы