Басты Жаңалықтар Электрлі самокаттарға қатысты жаңа ереже енгізіледі

Электрлі самокаттарға қатысты жаңа ереже енгізіледі

Электрлі самокаттарға қатысты жаңа ереже енгізіледі

Электросамокат міну енді бұрынғыдай еркін болмайды. Жүргізуші куәлігі жоқтарға тыйым салынып, жасы 18-ге толмағандар жауапқа тартылады. Ал рұқсатсыз жұмыс істеген компаниялардың самокаттары тәркіленіп жатыр. Жаңа талаптар бойынша тағы қандай шектеулер бар?

Алматыда мұндай оқыс оқиғалар жиі болады. Қала көшелерінде үнемі кептеліс, күнде бір миллионға жуық көлік жүреді. Көктем келгелі бұл лекке самокаттар қосылды. Бірақ тәртіпсіз қозғалыс қауіптің де көбейгенін көрсетіп отыр, дейді тұрғындар.

Ең алаңдататыны самокатты тізгіндегендердің арасында кәмелетке толмағандар жиі кездеседі. Салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеген. Тек бір күннің өзінде 70 заң бұзушылық тіркелген. Оның 10-ы жасөспірімдерге қатысты. Баласына бақылау жасамаған 3 ата-ана жауапқа тартылған. Енді самокатты тек 18 жастан асқан және жүргізуші куәлігі бар тұрғындар пайдалана алады.

Руслан Асқаров, жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының бөлім басшысы:

Веложолдармен жүру. Қазіргі таңда жылдамдық шектелген. Егер самокаттың жылдамдығы сағатына 25 км құрайтын болса, тротуарларда, саябақтарда, парк, жаяу жүргіншілер аумақтарында шектеу 6 км болады.

Тәртіп тек жүргізушілерге емес, компанияларға да күшейтілді. Алматыда самокат жалға беретін 4 оператор да жаңа талап бойынша сұқбат беруден бас тартты. Тексеріс барысында кейбірінің рұқсатсыз жұмыс істегені анықталған.

Айдын Меркімбаев, қалалық ПД профилактика және үйлестіру жұмысы басқармасының өкілі:

Агрегаттық компанияларға бірқатар талаптар қойылған. Оның ішінде самокаттарды нөмірлеу және сақтандыру полисімен қамтамасыз ету және жалға алып жатқан адамның жүргізуші куәлігі бар екеніне көз жеткізу және 18-ге жасқа толғаны туралы мәліметті тексеру.

Бұл талаптар тек заңды тұлғаларға, яғни құралды жалға беруші компанияларға қатысты. Әкімдік өкілдері жеке самокатымен қатынайтын тұрғындарды бақылау мәселесі қарастырылып жатқанын айтады.

Қуан Нұрақын, тілші:

1 шілдеден бастап әр самокатқа арнайы нөмір тағылады. Енді олардың қозғалысы, жылдамдығы, тіпті тұрған жері де цифрлық жүйе арқылы бақыланады. Осылайша қала билігі ретсіз қозғалысқа тоқтау салып, жаңа талап орнатпақ. Бұл бастама шаһарда тәртіп орната ма, әлде самокат бизнесіне соққы бола ма - оны уақыт көрсетеді.


Бөлісу