Басты Жаңалықтар Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін

Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін

Елордада электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін. Себебі қос дөңгелекті техниканы тізгіндегендердің басым бөлігі қауіпсіздікті қаперге алмайтыны жиі айтылып жүр. Жыл басынан бері осы шағын транспорт құралының қатысуымен 45 жол-көлік оқиғасы болып, 50 адам зардап шеккен.  Тұрғындар тарапынан жиі кездесетін құқықбұзушылықтар мыналар: бір самокатқа екі адамның мінгесуі және жаяу жүргіншілер өткелінен түспей өту. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, олар велосипед жолымен немесе арнайы велосипед жолағымен жүруге құқылы. Ал мұндай инфрақұрылым болмаған жағдайда, самокат жүргізушілеріне жолдың оң жақ шетімен, соның ішінде қоғамдық көлікке арналған жолақпен бір бағытта қозғалуына рұқсат етіледі.

Махамбет Төлешов, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Қазір электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салу мәселесі әлі де қаралу үстінде. Түпкілікті нақты шешім қабылданған жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта олар тротуармен бұрынғы тәртіп бойынша қозғала алады. Дегенмен бақылау күшейтіледі.


Бөлісу