Басты Жаңалықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін

Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір EPS жүйесін қосу үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл шетел азаматтарына кадр тапшылығы бар салаларда ресми түрде еңбек етуге мүмкіндік беретін жоба. Қазір мемлекетаралық келісу кезеңі аяқталып, EPS орталықтарын ашу жұмыстары басталды. Егер бұл жүйеге сәтті қосылсақ, Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтары қорғалып, әлеуметтік кепілдіктер беріледі, заңсыз миграциясы азаяды. Оңтүстік Кореядан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктерімен, Сауд Арабиясы, Жапония және бірқатар Еуропа елдерімен де осы бағытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал Катар елімен 2025 жылдан бастап ортақ меморандум бар.

Әміржан Тәжібеков, ҚР ЕХӘМ көші-қон комитетінің бас сарапшысы:

Бұл жүйеге қатысу үшін Корей тарапының өзінің талаптары бар. Сол талаптарға сәйкес келсе, ҚР азаматы осы EPS бағдарламасы арқылы жұмысқа орналаса алады. Ол талаптардың бірі - корей тілін білу. Сол корей тілі бойынша тестілеу өткізу, дайындық өткізу барлығы екінші кезеңде қарастырылып жатқан орталықта жасалады.


Бөлісу