Басты Жаңалықтар СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты

СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты

Солтүстік Қазақстан облысында 37 мың адам жалпыхалықтық сенбілікке шықты. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін өздері тұратын ауыл-аймақты қоқыстан тазартып, көшеттер екті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 19 мыңға жуық қөпқабатты және жеке үйлердің аудасы қалыпқа келтірілді.

Петропавлда таңсәріден тіршілік қыза түсті. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған сенбілік – жай ғана тазалық акциясы емес, қала тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын көрсеткен шараға айналды. Томирис Марат – мектеп оқушысы.  Ағаш егіп, туған қаласының көркейуіне өз үлесін қосты. 

Томирис Марат, мектеп оқушысы:

Бұл сенбілікке біз достарымызбен бірге келдік. Біздің басты мақсатымыз – табиғатты таза ұстау. Бұл істі парызымыз ретінде санаймыз.

Бұл қаланың орталығындағы саябақтардың бірі. Биыл алаңға көрнекі татар ақыны Габдулла Тукайдың ескерткіші орнатылып, есімі берілмек.

Закиржан Мамлютов, «Дуслық» татар-башқұрт қоғамдық орталығының мүшесі:

Бүгін бүкіл тұрғындар өз көше және аулаларын жинап жатыр. Шілде айында татар ақыны Габдулла Тоукайдың ескерткіші орнатылады. Оның өмірі Қазақстанмен тығыз байланысты. Ол Мағжан Жұмабаветың тәлімгері болған. 

Жалпыұлттық сенбілік барысында 400-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш алаңы, 200-ден астам саябақ қоқыстан тазартылды.

Құдайберген Қалиев, СҚО Құрметті азаматы:

Түгел сенбілікке шығып, керемет бір мейрам болып тұрды. Балаларға, оқушыларға, волонтерларға қарасаң бәрі қуанышты. Үлкен рахмет айтамыз, Президентімізге. Акция қазір қалада ғана емес, бүкіл ауылдық жерлерде жүріп жатыр.

Көшелер тазарып, айнала ажарлана түсті. Облыс бойынша 13 мың тоннаға жуық қоқыс жиналды. Сенбілікке әсіресе жастар жағы белсенді қатысты.

Бөлісу