Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
«Тасада жатқан талант»! Бұл «Барселона» клубымен келісімшартқа отырған Кәрім Меңдіхановқа берілген баға. Сарапшылар қазақ баласы келер маусымда аңыз клубта ойнауы мүмкін деп болжам жасап отыр. Көптің назарына іліккен жас спортшы мен әкесі алғаш рет сұқбат берді. Тақырыпты тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы тарқатады.
Кәрімге кәрі құрлықтан көз тіккен клуб көп болды. Ла Лиганың беделді командалары ұзақмерзімді келісімшарт ұсынған. Бұлардың қатарында «Барселона» да бар. Бұл клуб таланттарды тайында таниды. Миллиондардың куммирі Мессидің өз дәл осында тәлім алған. Демек, даңқты клуб Кәрімнің келешігіне сенсе керек.
Кәрім Меңдіханов:
Кішкентайымнан «Барселонаның» фанаты болғанмын. Бұл клубта ойнау арманым болған. Мақсатым орындалған. Бірақ әлі жұмыс жасау керек. Бұл тек бастамасы. Испанияда доп жылдам жүреді. Физикаға, техникаға, интеллектіге қарайды.
Арманы алдамаған жеткеншік алты жасында футболға барады. Ең алғаш қабілетін бапкер Сергей Кондаков байқаған. 2022 жылы Кәрім Испанияға оқуға кетіп, футболмен шұғылданды. Қазір католониялық «Сант Кугат» сапында доп тебеді. Ал келесі маусымда Барселонаның «Ла Масия» академиясында жаттығады.
Руслан Меңдіханов, К.Меңдіхановтің әкесі:
Испания футболмен дамып кеткен ғой. Бір қазақ қашан шығады екен деп ойлағанмын. Сөйтіп жүргенде өзімнің балам шығып кетті ғой. Қазақ елі қолдап жатыр. Бәріңізге көп-көп рахмет! Бұл бастамасы. Әлі жоспар көп.
Шетелдік басылымдар Кәрімнің техникасын, жылдамдығын, шабуыл шебіндегі ойынын жоғары бағалап жатыр. Осылайша, оралдық өрен жаһан жұртының назарына ілігіп отыр. Бұл тасада жатқан талай таланттың танылуына түрткі болса деп тілейміз!
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03