Басты Жаңалықтар Алғаш рет Дания Корольдік театрының гала-концерті өтті

Алғаш рет Дания Корольдік театрының гала-концерті өтті

Астанада алғаш рет әлемдегі ең көне әрі беделді өнер ордаларының бірі - Дания Корольдік театрының гастрольдік гала-концерті өтті. Халықаралық деңгейдегі бұл кеш Astana Ballet театры сахнасында ұйымдастырылып, көрерменге жоғары классикалық өнердің үздік үлгісін көрсетті.

1748 жылы негізі қаланған театр — Данияның ұлттық мәдени символы. Оның құрамындағы Royal Danish Ballet труппасы ғасырлар бойы қалыптасқан бірегей мектеп пен дәстүрді сақтап келеді. Әсіресе, дат балет өнерінің алтын қазығына айналған Август Бурнонвиль әдістемесі бүгінге дейін әлем сахналарында орындалып, классикалық балеттің айрықша бағыты деп мойындалған. Гастрольдік сапар тек концертпен шектелмейді. Жоба аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы алаңында халықаралық шеберлік сабақтары өтеді. Жас әртістер үшін әлемдік шеберлерден тікелей дәріс алып, кәсіби дамуға жол ашатын бірегей мүмкіндік. Сонымен қатар, бастама мәдени дипломатияны нығайтып, Қазақстан мен Еуропа арасындағы шығармашылық байланысты күшейтуді көздейді.

Беатрис  Домингеш - Дания Корольдік театрының балет әртісі:

Бүгін біз Астанаға Даниядан өзіміз үшін аса қымбат, мәдени мұраға айналған асқақ өнерімізді алып келдік. Бұл – біздің ұлттық құндылығымыз, сондықтан оны шетелдік көрерменге таныстырудың маңызы орасан.
Былтыр Алматыда өнер көрсеткен едік. Сол кезде көрерменнің ықыласы мен жылы қабылдауы бізге үлкен әсер қалдырды. Сондықтан Қазақстанға қайта келу бәріміз үшін  ерекше қуаныш. Мұндағы көрерменнің ереуше жылуын сезінеміз, қолдауы айрықша сезіледі.


 


Бөлісу