Басты Жаңалықтар Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы

Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында, Иранның электр станциялары мен көпірлерін қирататынын ескертті.

Ол әлем мұнайы мен сұйытылған газының 20 пайызы өтетін Ормұз бұғазын сейсенбіге дейін ашпаған жағдайда шабуылды үдететінін жеткізді.

Иран болса, Трамптың бұл әрекетін шарасыздыққа, ақымақтыққа теңеп, оны орындамайтынын хабарлады. Сонымен қатар Тегеран Америка мен Израиль инфрақұрылымға соққы берсе, бүкіл аймақ отқа оранатынын мәлімдеді. Қарсыластарын «Иран халқының құқығын құрметтеп, қауіпті ойынды» тоқтатуға шақырды.


Бөлісу