Су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді
Елімізде су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді. Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық каналды автоматтандыру жұмысы басталды. Осыған дейін қайта жөндеуден өткен, жалпы ұзындығы 1184 шақырым болатын 270 канал да автоматтандырылып жатыр. Бұдан бөлек, тағы 264 жобаға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленеді. Бүгінде министрлік дайындаған Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі 22 мың су нысанын қамтып отыр. Оның ішінде 17 мыңнан астам өзен, 4 мыңға жуық көл және гидротехникалық нысандардың 60 пайызы бар. Жыл соңына дейін 6 мыңнан астам каналды цифрландыру және гидротехникалық нысандарды қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы