Алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады
Президент тапсырмасымен Жамбыл облысының Шу ауданында Орталық Азия бойынша алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады.
Инвестициялық бағдарлама «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағындағы жүгеріні терең өңдеу зауытының бірінші кезеңі іске қосылған соң жүзеге асты. Аминқышқылдары өндірісіне маманданған зауыттың негізгі өнімдері – изолейцин, лейцин, валин, треонин, глутамин және цитруллин. Жалпы кәсіпорынға 1,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды. 400 гектар аумақты алып жатқан зауыт биыл толық іске қосылады. Онда қуаттылығы бойынша жылына 3 млн тонна жүгері терең өңделіп, 1700 жаңа жұмыс орны ашылады. Отандық өнімді Орталық Азия, Еуропа, Африка және Америка елдеріне экспорттау жоспарланған.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28