«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысына соңғы үш жылда 14,8 млрд теңге бөлінген. Соның көмегімен ауылдағы ағайын кәсіп ашып, табысын еселеп отыр. Бағдарламаға белсенді қатысып отырған аудандардың бірі – Тасқала. Биылдың өзінде 32 адам несие алған. Мәселен, Айбақыт Сисенғалиева аудан тұрғындарын жаңа піскен нан, кондитерлік өнімдер, жартылай дайындалған тағамдармен қамтып отыр.
Айбақыт Сисенғалиева, кәсіпкер:
«Ауыл аманатынан» 9 млн 200 мың теңге несие алдық. Үш жылдан бері бизнесіміз дамып келе жатыр. Қарамағымда 5 адам жұмыс істейді. Қаражатты біз құрал-жабдыққа жұмсадық. Тағы да дамытайық деп, шағын наубайхана аштық. Оған жолдасым атына 9,8 млн теңге алдық, «Ауыл аманатынан» 2,5 пайыз несиемен.
Биыл бағдарлама аясында мал бордақылау бағыты қаржыландырылады. Әсіресе ауыл
шаруашылығы кооперативтеріне басымдық берілмек. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі –
2,5 пайыз, мерзімі – 7 жыл.
Рүстем Зұлқашев, облыстық а/ш
басқармасы басшысының орынбасары:
Он басымдығымыз бар. Бұрын ет бағыты жоқ болатын. Соған 8, 9-басымдық етіп ірі қара, қой малының ет бағыттарын бордақылау арқылы, кооперацияға біріктіру арқылы несиелендіру мәселесін талқыладық.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02